Chery бренді Қазақстан нарығындағы 3 жылдығын атап өтуде
Қазақстанда "Астана Моторс" компаниясы ұсынатын Chery автокөлік бренді нарықтағы 3 жылдығын атап өтті. Аталған іс-шараның құрметіне Лермонтов атындағы драма театрында брендтің тұрақты клиенттері мен жанкүйерлері, сондай-ақ достары мен серіктестері қатысқан салтанатты кеш өтті.
Chery брендінің автокөліктері Қытайда шығарылады. Қазақстанда сатылым 2021 жылдың желтоқсанында басталған еді. Осы уақыт ішінде елімізде 30 мыңнан астам автокөлік сатылып, 19 қалада 26 дилерлік орталық ашылды. Бүгінгі таңда бренд Қазақстанда сату бойынша алдыңғы қатарды иеленіп, екі жыл бойы ең көп сатылатын брендтер рейтингісінде 4-ші орынды алып отыр. 2024 жылдың 11 айында 13 466 автокөлік сатылып, оның ішінде 4 757 дана көрсеткішімен Chery Tiggo 2 сатылымның флагманы атанды. Айта кетер жайт, 2025 жылы Chery автокөліктері Қазақстанда Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибрендтік зауытының базасында шығарылатын болады. Зауыт құрылысы Алматының индустриялық аймағында қарқынды жүріп жатыр. Аталған жұмыстарды жүзеге асыру үшін «Астана Моторс» компаниясы Қытай тарапымен келісім негізінде эксклюзивті құқық алған болатын.
«Үш жыл бұрын біз алғашқы сатылымымыз басталған Райымбектегі дилерлік орталығымызды аштық. Осы уақыт ішінде біз айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік, соның ішінде елдің қоғамдық өміріне де атсалыстық. Біз "Астана" футбол клубының демеушісі болдық, қазақстандық бокс жұлдызы Ангелина Лукаспен өте тығыз ынтымақтастық орнаттық. Келесі жылдан бастап біз Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада комитетімен жұмыс істей бастаймыз. Бұл — біз үшін үлкен мәртебе. Клиенттердің арқасында біз осындай нәтижелерге қол жеткіздік. Бұл тек бастамасы екеніне сенімдімін», - деп бөлісті Chery Kazakhstan компаниясының дистрибуция директоры Нұрлан Шамгонов.
Сонымен қатар, бренд нарықты үнемі ең көп сұранысқа ие және әсерлі жаңа өнімдермен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ол өз клиенттерімен белсенді түрде қарым-қатынас орнатып, бүкіл әлемде біртұтас қауымдастық құру үшін жұмыс істеуде. Бұған мысал ретінде Cherry With Love жаһандық жобасын айтуға болады. Оның аясында мессенджерлердегі топтардан бастап бірлескен автошерулер мен табиғатқа шығуға дейінгі клиенттік іс-шаралар мен басқосулар үнемі өткізіліп тұрады. Жақында бренд Шымбұлақта клиенттер күнін өткізіп, шаңғы мен сноубордтан әуесқой жарыстар ұйымдастырды. Қазақстандағы Chery клиенттері арасында әнші Луина мен кәсіби спортшы Ангелина Лукас сияқты танымал тұлғалар бар.
"Мен Chery брендінің іс-шараларына қуана-қуана қатысамын, өйткені ол әрқашан әдемі, жарқын және әсерлі өтеді. Олардың арқасында мен көптеген қызықты таныстар тауып, керемет уақыт өткіздім. Өз басым Chery автокөлігімен жүремін және оны сатып алғаныма ешқашан өкінген емеспін деп айта аламын", - деді Луина.
Бренд өзінің Қазақстандағы үшінші туған күнін дәстүр бойынша жылы және жайлы атмосферада, атап айтқанда клиенттерді, блогерлер мен БАҚ өкілдерінің басын қосып театр қабырғасында өткізді. Кеш барысында қонақтар жанды музыка тыңдап, "Жижи (Көкшіл теңіз жағасындағы құштарлық)" атты комедиялық театрландырылған қойылымын тамашалады. Сондай-ақ, олар Қазақстан нарығына 2025 жылдың қаңтарында шығатын Chery Tiggo 4 жаңа су жаңа кроссоверін алғаш рет көре алды.
Chery бренді туралы
Chery Automobile – 1997 жылдан бері өндірісте революциялық даму жолынан өткен Қытайдың ең ірі автокөлік шығаратын концерні. Бүгінде ол Қытайдағы №1 автокөлік өндірушісі болып табылады. Оның бүкіл әлем бойынша 6 автокөлік зауыты мен 11 құрастыру зауыты бар. Компания 20 жыл ішінде ғылымға, технологияға және инновацияға инвестиция құйып келеді. Chery Automobile командасында әлемдік нарықтың көшбасшы компанияларында тәжірибесі алған ең озық елдерден 5000-нан астам зерттеушілер мен әзірлеушілер бар. Бренд өз көліктерін әлемнің 80-нен астам еліне экспорттайды және ең озық технологиялар саласында қарқынды дамып келеді. 2024 жылы оның модельдік қатары 7 модельді құрап, олардың 5-і Қазақстан нарығында қолжетімді болды.
Тест-драйвке жазылу
Бізге әлеуметтік
желілерде қосылыңыз
Сервиске жазылу
Қолайлы Chery автокөлігін таңдаңыз және сервиске жазылыңыз
Байланыстар
Сізге ең жақын автокөлік дилерінің мекенжайын табыңыз
Қосалқы бөлшектер
Сізді қызықтыратын бөлшектердің қоймада бар-жоғын тексеріңіз
Қосымша жабдық
Сізді қызықтыратын бөлшектердің қоймада бар-жоғын тексеріңіз
Сайт cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалану арқылы сіз cookie файлдарын пайдалануға және жеке деректеріңізді өңдеуге келісіміңізді растайсыз.