Капоттың хромдалған жолағына күндізгі жүріс жарығы кіріктірілген, радиатор торымен бірге олар жарқын үш өлшемді бейне қалыптастырады. ARRIZO 8 төмендегідей жүйелермен жабдықталған:
- таяу/шалғай жарықты автоматты түрде ауыстырып қосу,
- “Follow me home”,
- жарық сенсоры және динамикалық айналу сигналдары.
Толықтай LED-оптиканың футуристік танымал стилі мен әсерлі элементтері бір қарағаннан-ақ арбап алады.
ARRIZO 8 артқы жарықдиодты шамдары автокөліктің ені мен көлемін айшықтап көрсететін көлденең сызықпен біріктірілген. Шанақтың ойластырылған акценттері мен нәзік сызықтары әдемі және үйлесімді көрінеді. Артқы қанаттың дизайны модельдің аэродинамикасын, жылдамдыққа ұмтылысын көрсетеді. Қосарланған түтін шығару түтіктері ARRIZO 8 стильді спорттық бейнесін толықтырады.
Екі түсті дизайндағы 18” алюминий дискілер автокөлікке жарқын, сонымен бірге премиумдық көрініс береді, ал қызғылт сары тежегіш суппорттары ARRIZO 8 автокөлігінің өжет спорттық мінезіне сілтеп тұрады. Максималды қауіпсіздік үшін әрбір шина сымсыз температура және қысым датчигімен жабдықталған.
Шанағының әсерлі сұлбасы мен күшті тұлғасының сызықтары динамиканың визуалды бейнесіндей, энергия мен арынды өмірлік қуат сезімін тудырады.
Радиатор торының «Х» тәрізді пішіні мен өткір геометриялық пішіндер ұшқыр мінезі мен өжет темпераментін көрсетеді, тіпті агрессия белгілерін де береді.
Үшкір және жатық сызықтар айқастырыла өріліп жасалған автокөліктің ұзартылған сымбатты сұлбасы мәнерлі пішіндерін айшықтайды, ұшқыр динамика мен қуатты көрсетеді.
M1X платформасы жүргізуші мен барлық жолаушыларға барынша жалы кеңістікті қамтамасыз етеді. Дизайнның жатық сызықтары әрлемесінің жоғары сапалы үйлесіміне тамаша сай келеді. Күшейтілген дыбыс оқшаулауы сапарыңызды бұрынғыдан да жағымды әрі жайлы етеді.
Сүйір жатық пішіндер, сапалы материалдардың сәнді үйлесімі, жайлы жылы жарық және екі 12,3" HD-дисплейі бар үлкен цифрлық басқару аймағы Сізді премиумдық жайлылық атмосферасына шомдырады.
Жүргізуші орындығының 6 бағыттағы және бел тіреуінің реттемесі, жылытқыш, желдеткіш, баптаулар жады, анатомиялық орындықтар, авиациялық бассүйегіштер, премиумдық SONY аудиожүйесі – Сіздің назарыңызға лайықты деңгей.
DCT7 роботтандырылған беріліс қорабының электронды басқаруы барынша жатық ауыстырып қосуды және трансмиссияның жоғары ПӘК-ін (~ 96%) қамтамасыз етеді. Электрлі тұрақ тежегіші тұраққа қойған кезде сенімді, ал AutoHold қысқа аялдаулар кезінде автокөліктің уақытша ұсталып тұруын жүзеге асырады.
10 қауіпсіздік жастығы, күштік қаңқасында 80% беріктігі жоғары болаттың болуы, 12-ден аса ADAS белсенді қауіпсіздік жүйесі, C-NCAP сынағындағы 5★ - осының бәрі әрбір жолаушының максималды қауіпсіздігін қамтамасы етеді.
2780 мм-ге дейін үлкейтілген дөңгелек базасы, толықтай тәуелсіз көп иінтіректі аспа 186 аттың күшін беретін қуатты энергия айналымы тиімді 1.6TGDI қозғалтқышымен бірге әрбір бұрылыстан жүріп өтуден шынайы ләззат алуға мүмкіндік береді.
Бізге сеніңіз, біз сізге жаңа көлікке жету жолында көмектесеміз!